11 Ақп 2026
Страницы «Общеобразовательная средняя школа №62 имени Н.Шойбекова» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Мектеп тарихы

«№62 Н. Шойбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

Ұлы Отан соғысынан кейін 1947 жылы Келес өңірінің алыс малшы ауыл балаларын сауаттандыру мақсатында Ащыкөл ауылында алғаш 2 сыныптық бастауыш мектебі ашылды. Ол кезде бұл айтылып отырған аймақ Өзбекстан Республикасы, Ташкент обылысы, Шыназ ауданына ұзақ мерзімге жалға берілген болатын.1951 жылы мектеп оқушылары санының артуына байланысты жаңа ғимарат салынып,негізгі мектеп болып қайта құрылды. Мектепке Қазақтың батыр ұлы Аманкелді Имановтың есімі берілді. Ащыкөл ауылында білім ұясының ашылуына ең алғаш 1947-1955 жылдары мектеп директоры болған Селтай Алдамұратовтың еңбегі орасан. С.Алдамұратов тек мектеп директоры бола қоймай білікті де, білімді , шебер ұйымдастырушы бола білді. Ол алыс ауылдардағы малшы шаруа балаларын мектепке тартып, сауат ашып білімді, тәрбиелі болуына үлкен үлес қосты. Сонымен бірге мектептің орнығып қалыптасуына да көп еңбек сіңірді.

1955-1963 жылдары мектеп директоры болып Оспан Қуанышов жұмыс атқарды.

1964-1973 жылдары Абдурахман Сексенбаев мектеп басшысы ретінде көптеген жұмыс атқарды.1964 жылы Мектеп атауы өзгеріп , Кеңес Одағы батыры, қазақтың ержүек қызы- Мәншүк Маметованың есімі берілді. Мектеп ғимараты жанынан малшы ауыл балаларына арналып интернат ашылды. Оған жүзден астам алыстағы малшы ауыл балалары қабылданды.
1973-1992 жылдар аралығында мектеп басшысы ретінде Мүкір Кенжалиев көптеген жұмыс атқарды. Бұл кезеңді білім ұясының даму қарқыны ең жоғарылаған мерзім деп санауға болады . 1973 оқу жылында мектеп құрылымы өзгеріп «жалпы орта білім беруші мектебі» (10 жылдық) атанды. 1974/75 оқу жылдары жаңа оқу ғимараттары іске қосылды.Бұл жылдар оқушылар саны ең жоғар деңгей 380-ге жетті. 1992 оқу жылы мектеп типтік жаңа ғимаратқа көшірілді.

1992-1994 жылдары мектеп директоры болып Қалыбай Көзжанов жұмыс атқарды. 1993 оқу жылы мектеп түгелдей Өзбекстан Республикасы қарамағы- нан алынып Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы қарамағына көшірілді.

1994-2002 жылдары мектеп директоры болып Қараман Қойайдаров жұмыс атқарды. 2001 жылы ҚР үкіметінің №1201 қаулысына

сәйкес мектеп аты өгертіліп ауыл азаматы, Еңбек Ері Намазбай Шойбековтың есімі берілді.

Қ.Қойайдаров мектепке Еңбек Ері есімінің берілуіне үлкен үлес қосты. Өзі басқарған жылдары мектепте білімді ,білікті жас кадрлардың легін жасақтады. Сол арқылы өз кезегінде білім сапасының артуына септігін тигізді.

2002 жылдан бүгінге дейін мектеп директоры болып Талғат Байдуллаев басқарып келеді.2008 жылығы төтенше жағдайға байланысты мектепті өзге ғимаратқа көшіру қолға алынды. 2010 жылы 24-ші қарашада мектеп заманауи жаңа типтік ғимаратқа көшірілді.Осы іргелі жұмысты атқаруда мектеп басшысы Т.Байдуллаевтың (мектептің 1990ж бітірушісі) өзіндік орны ерекше .
2018 оқу жылында Келес ауданының қайта құрылуына байланысты «№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» болып өзгертілді.

Қазіргі таңда мектепте 40-тан астам мұғалімдер 300-ден астам балаға білім беруде.

Мектептің 70 жылдық тарихында 1400-ден астам жастар білім алып түлеп ұшса,олардың 300-ден астамы жоғары білімді маман атанып,400-ден астамы арнаулы
2023-2024 оқу жылынан бастап Алтеев Динмухамет Дуйсеханович мектеп директоры болып бекітілді.

Қазіргі таңда мектепте 290 оқушы білім алады. Оларға 44 мұғалім дәріс береді. Оның біреуі зерттеуші- педагог, он үші сарапшы- педагог, тоғызы педагог- модератор. Жоғары білімді педагог-41, арнаулы орта білімді-3.
2023-2024 оқу жылында мектепті 2 оқушы алтын, 1 оқушы «Үздік аттестатпен » бітірді.

Керимбаева Жұлдыз, Шаншарова Феруза ,Шойбеков Сүйіндік, Абдезова Мухабат,Дарменшеева Салима, Исахова Гүлбайра, Алимбаева Ақбілек,Иманбердиева Айнұр,Алимбаева Пернегүл,Бердикулова Айшолпан т.б. мұғалімдер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен жемісті еңбек етіп жүрген мектептің үлгілі ұстаздары.

Мектепте қазіргі таңда жалпы 1-11 сыныптарда 290 оқушы оқиды. Оның ішінде бастауыш 108 , негізгі 125, жоғары-57 оқушы оқиды. Қазіргі таңда жалпы 44 педагог, оның ішінде 5 зерттеуші, 13 сарапшы, 9 модератор білім беріп келеді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар